Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Қазақстан халқына Жолдауының беттері бойынша

Қазақстан халқына Жолдауының беттері бойынша

Бүгін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері"атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының ұжымы елдің одан әрі дамуының негізгі аспектілерімен, оның ішінде әлеуметтік саланы жетілдіру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, денсаулық сақтау саласын дамыту бағыттарымен танысты.

Талқылау барысында алдағы жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайтуға және жаңғыртуға, сондай-ақ медициналық кадрларды қолдауға ерекше назар аударылатыны атап өтілді.

«Қазақстанда 1 қаңтардан бастап учаскелік алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің 77 мың қызметкеріне үздіксіз жұмыс өтілі үшін қосымша төлемдер енгізу жоспарлануда». «Осыған байланысты жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттіктерін кеңейту және осы жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бастапқы деңгейдегі психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер үшін жеке қолдау шаралары ұсынылады. Олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып, психоэмоционалдық жүктеме үшін қосымша төлемдерді енгізу қарастырылуда», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Медицина қызметкерлері үшін мемлекеттік бастамалардың маңыздылығын түсіну, өзінің кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен орындау және көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру үшін бірлесіп жұмыс істеу маңызды.

Бүгінгі біздің ортақ мақсатымыз-балаларымыздың сапалы медицина мен білім алуға болатын, ертеңгі күнге лайықты жұмыс пен сенімділік бар мықты елде өсуі. Болашақ өздігінен келмейді. Біз оны бүгін — өз еңбегімізбен, жауапкершілігімізбен және нақты міндеттерді іске асыруымызбен жасаймыз.