Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Өз проблемаңызбен бөлісіңіз

Өз проблемаңызбен бөлісіңіз

Кейде психологиялық проблемаларды жеңудегі ең тиімді әрекет – бұл көңіл көтеретін, психикалық тепе-теңдікті бұзатын нәрсе туралы айту. Маманнан дұрыс кеңес алу және күнделікті өзіңізбен жұмыс істеу, нақты мақсаттарды белгілеу маңызды. Сауығу – бұл өзгеріс.

 «АИТВ-оң» диагнозының ерекшелігі – бұл көптеген әлеуметтік және психологиялық мәселелермен, ішкі дағдарыстармен, стресстермен, тұлғааралық қатынастардағы қиындықтармен байланысты, мысалы, вирустың жыныстық серіктеске берілуінен қорқу; балалы болу мүмкіндігіне байланысты проблемалар; қоғамда АИТВ жұқтырған адамдарға теріс көзқарас және т. б. Барлығы өмір сапасына, адамның өзіне деген көзқарасына  әсер етеді.

АИТВ психикаға әсер етеді және бүгінгі күні созылмалы ауру болып табылатындықтан, бірнеше жылдар бойы болжамы қиын,  әрдайым дерлік теріс тәуелділіктермен бірге жүріп,  қоғам оны жағымсыз және теріс  құбылыс ретінде қабылдайтындықтан, АИТВ жұқтырған адамдардың психологиясын өзгертеді.

АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі Павлодар облыстық орталығының базасында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толыққанды әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету үшін дәрігерлер, оның ішінде психотерапевт, психолог, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, дерматовенеролог-дәрігер жұмыс істейді.

Жеке көмек көрсету үшін психотерапевт пен психологтың кабинеттері ашылды, онда біржолғы немесе сессиялық психологиялық консультациялар өткізіледі.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман әлеуметтік және материалдық көмек пен қорғаудан, жұмысқа орналасуға көмектесуден, кәсіптік бағдар беруден және білім алудан, заң көмегінен және т.б. тұратын АИТВ жұқтырған тұлғаларды әлеуметтендіру бағытында әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді.

Достық кабинетінде дерматовенеролог дәрігер халықтың негізгі топтары үшін АИТВ-ға, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға анонимді тексеру жүргізуге көмек көрсетеді, сондай-ақ бір серіктес АИТВ-теріс, ал екіншісі АИТВ-оң болып табылатын дискордантты жұптар үшін де байланысқа дейінгі алдын алуды тағайындайды.

Павлодар қаласының бірқатар емханаларында халықтың негізгі топтары шприцтермен алмасып, жеке қорғану құралдарын ала алатын сенім пункттері ұйымдастырылған.

Туындаған барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: (8718) 2 32-04-74. Біз Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 50 а мекенжайындамыз.