Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс

Тазартқыш сұйықтықтар мен тұрмыстық химияны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыздар!

Баланың өңешінің күйігі – химиялық заттарды абайсызда ішіп қою салдарынан болатын ауыр жарақат. Оның салдары өте қауіпті: өңештің тыртықтанып тарылуы, ұзақ уақытқа созылатын ем, мүгедектікке әкелуі немесе өлімге соқтыруы мүмкін.

Жыл сайын Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына өңеш күйігімен 100-ден астам бала түседі. Негізгі себеп – тұрмыстық химиялық заттарды дұрыс сақтамау.

Өңештің тыртықтық стриктурасы бар барлық балаларға гастростома арқылы ұзақ уақытқа созылатын күрделі ем-шаралар жүргізіледі. Бұл – бала мен отбасы үшін ауыр сынақ. Ал мұндай жағдайды қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, алдын алуға болады.

Педиатрлар ата-аналарды мынаған шақырады: тұрмыстық химия мен қазанды, ыдысты тазартатын сұйықтықтарды балаларға қолжетімсіз жерде сақтаңыздар; оларды ешқашан сусын құтысына немесе бөтелкеге құймаңыздар; қақпақтарын әрдайым мықтап жабыңыздар және арнайы жабық шкафтар мен контейнерлер қолданыңыздар.

Балалардың қауіпсіздігіне мән беріңіздер – бүгінгі сіздің қырағылығыңыз ертең олардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуы мүмкін.