Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Павлодар облысы бойынша өсу нәтижесімен 30.09.2025 жылғы АИТВ-жұқпасының эпиджағдайы

Павлодар облысы бойынша өсу нәтижесімен 30.09.2025 жылғы АИТВ-жұқпасының эпиджағдайы

Павлодар облысында өсу нәтижесімен 2025 жылғы қыркүйектің 30-на Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 4704 жағдайы тіркелді (көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда – 376,8). Жалпы Қазақстан азаматтары арасында «ЖИТС» диагнозы 736 пациентке қойылды.

Қалаларда анықталғандар: Павлодар – 3462 жағдай (100 мыңға 546,4), Екібастұз – 335 (100 мыңға 166,9), Ақсу – 517 жағдай (100 мыңға 432,6). Облыс аудандарында: Ақтоғай – 27 жағдай (100 мыңға 145,9), Баянауыл – 27 (100 мыңға 78,8), Железин – 38 (100 мыңға 150,5), Ертіс – 40 (100 мыңға 142,1), Тереңкөл – 42 (100 мыңға 145,0), Аққулы – 23 (100 мыңға 127,7),  Май – 13 (100 мыңға 99,6), Павлодар – 117 (100 мыңға 323,2), Успен – 27 (100 мыңға 106,0), Щарбақты – 36 (100 мыңға 113,7).

Жынысы бойынша: ер адамдар – 3033 (64,5%), әйелдер – 1671 (35,5%).

Жас ерекшеліктері бойынша: 0-14 жас аралығында – 32 адам (0,6%), 15-19 жас аралығында – 207 адам (4,4%),  20-29 жас аралығында – 1392 адам (29,6 %), 30-39 жас аралығында – 1654 адам (35,2%), 40-49 жас аралығында – 950 адам (20,2%), 50-59 жас аралығында – 342 адам (7,3%), 60-69 жас аралығында – 127 адам (2,7%).

Әлеуметтік топтар бойынша: жұмыссыздар – 2636 адам (56,0%), жұмыс істейтіндер – 1443 (30,7%), мектеп оқушылары мен студенттер – 83 (1,8%), мектепке дейінгі жастағы балалар – 1 (0,0%), әскери қызметшілер – 4 (0,1%), зейнеткерлер – 89 (1,9%), сотталғандар – 116 (2,5%), тергеудегі қамауға алынғандар – 291 адам (6,2%).

Жұғу жолдары және себептері: инъекциялық есірткі заттарын қолдану кезіндегі тамыр ішілік – 2380 (50,6%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық – 2125 (45,2%), гомосексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық – 65 (1,4%), тік жолмен – 25 (0,5%), аурухана ішілік (инфекцияның берілу орны – Оңтүстік Қазақстан облысы) – 1 (0,0%), парентералдық (медициналық шараларға жатпайды) – 3 (0,1%), белгісіз – 105 жағдай (2,2 %).

 

АИТВ/ЖИТС  бойынша  2025  жылдың 9 айы ішіндегі эпиджағдайы.

2025 жылдың 9 айы ішінде Павлодар облысында Қазақстан азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 176 жағдайы тіркелді, қарқынды көрсеткіш 23,4 (100 мың адамға шаққанда).

Қалаларда: Павлодар қаласында – 104 жағдай (100 мыңға 28,1), Екібастұз – 18 жағдай (100 мыңға 12,5), Ақсу – 21 жағдай (100 мыңға 29,0). Аудандар бойынша: Баянауыл – 9 (100 мыңға 39,4), Ертіс – 3 (100 мыңға 18,5), Тереңкөл – 2 (100 мыңға 10,4), Аққулы – 3 (100 мыңға 25,5), Май – 3 (100 мыңға 29,9), Павлодар – 10 (100 мыңға 38,5), Успен аудандарында – 2 жағдайдан (100 мыңға 16,3), Шарбақты – 1 (100 мыңға 5,4). Облыстың Ақтоғай, Железин аудандарда АИТВ-инфекциясы анықталған жоқ.

Жынысы бойынша: ер адамдар – 108 (61,4%), әйелдер – 68 (38,6%).

Жас ерекшеліктері бойынша: 0-14 жас аралығында – АИТВ-инфекциясының жағдайлары – 2 (1,2%), 15-19 жас аралығында – 1 (0,6%), 20-29 жас аралығында – 8 (4,5%), 30-39 жас аралығында – 53 (30,1%), 40-49 жас аралығында – 63 (35,8%), 50-59 жас аралығында – 32 (18,2%), 60 және одан жоғары жас аралығында – 17 адам (9,7%).

Әлеуметтік-кәсіби статусы бойынша: жұмыссыздар – 77 адам (43,8%), жұмыс істейтіндер – 71 (40,3%), ТжКБ, ЖОО-ның студенттері – 2 (1,1%), зейнеткерлер – 12 (6,8%), тергеудегі қамауға алынғандар, сотталғандар – 7 адам (4,0%), мектепке дейінгі жастағы балалар мен әскери қызметшілер арасында АИТВ-инфекциясының жағдайлары анықталған жоқ.

Жұғу жолдары: есірткі заттарын қолдану кезіндегі тамыр ішілік – 44 жағдай (25,0%), гетеросексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 113 (64,2%), гомосексуалдық қатынас кезіндегі жыныстық жолмен – 9 (5,1%), тік жолмен – 2 (1,1%), белгісіз – 8 жағдай (4,5%).

 

 

 

Басшы                                                                                  Ж. Тентекпаев