Павлодар №25 мектебінде «Ерте жүктілік» және «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында 8-9 сынып қыздарына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Спикерлер ретінде облыстық АИТВ орталығының өкілдері және «Алмаз Медикал» ЖШС жастар денсаулығы орталығының гинекологы шақырылды.
Кездесудің мақсаты – репродуктивті денсаулық, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы сенімді ақпарат беру, сондай-ақ жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Спикерлер жасөспірімдердің денсаулығы, ерте жүктіліктің Медициналық және әлеуметтік салдары, жеке гигиена және қауіпсіз мінез-құлық туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты жауаптар алды. Дәріс ашық диалог форматында өтті.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға, саналы шешімдер қабылдауға, салауатты өмір салтын ұстануға және олардың салауатты болашағы үшін жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.





