Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Осы демалыс күндері денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында жылдам шахматтан облыстық чемпионат өтті

Осы демалыс күндері денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында жылдам шахматтан облыстық чемпионат өтті

Senat Open – Қазақстандық шахмат федерациясының (KazChess) қолдауымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ұйымдастырған Қазақстандағы шахмат турнирі. 2026 жылы Senat Open Кубогы үшінші рет өткізіліп, өңірдегі дәстүрлі іс-шараға айналды. Ақпанның 21-і күні, бұл жолы денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында, Senat Open (финалдың 1/8) кезекті турнирі өткізілді.

Жарысқа Павлодар қаласы мен облыстың 5 ауданынан 53 медицина қызметкері, оның ішінде АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Турнирдің спорттық толқуы дәрігерлерді, орта және кіші медицина қызметкерлерін біріктірді.

Жарыс ұйымдастырылған, іскерлік және достық атмосферада өтті. Қатысушылар зияткерлік дайындықтың, логикалық ойлаудың және спорттық шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті.

Аталған спорттық іс-шаралар Павлодар облысының тұрғындары арасында зияткерлік даму құралы ретінде шахматты насихаттау және таныту, спорттық дайындық деңгейін арттыру және ағымдағы жылдың 15-ші мамырында өтетін Senat Оpen 2026 Кубогының ¼ финалына қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау мақсатында өткізіледі.

 

https://www.instagram.com/reel/DVF0VHyAETH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==