Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс

Құқық бұзушылық, құқықтық тәрбие және салауатты өмір салты туралы

Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында павлодарлық оқушылардың облыстық прокуратура және полиция департаментінің өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өтті және құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастарды құқықтық тәрбиелеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Залда 1000-ға жуық қалалық мектеп оқушылары жиналды.

Іс-шараға облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының, өңірлік психикалық денсаулық орталығының дәрігерлері де қатысты.

АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, психикалық денсаулықтың маңыздылығы, қорқытудың, отбасылық проблемалардың, стресс пен суицидтің алдын алу туралы ақпарат берілді.