Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс

Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды, ол 1 қарашаға дейін жалғасады

Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды, ол 1 қарашаға дейін жалғасады

Осы кезеңде әр азамат өз елдімекені шегінде емхананы таңдауға немесе ауыстыруға құқылы. Өтінішті келесі жолдармен беруге болады:

* eGov.kz порталы арқылы (онлайн, 1 жұмыс күні ішінде қаралады);

* таңдалған емханада жеке өтініш беру арқылы.

Маңызды: бұрынғы емханадан шығу автоматты түрде жүзеге асырылады. Егер емхананы ауыстыруды жоспарламасаңыз, қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Жаңа емхана медициналық көмекті келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеді (Қормен келісімшарт болған жағдайда).

Ұсыныстар:

* Барлық отбасы мүшелерін бір дәрігерге тіркеу сапалы бақылауды қамтамасыз етеді.

* Үйде медициналық көмек көрсетілу үшін емхананы тұрғылықты жерге жақын (жаяу 15–20 минут) таңдаған жөн.

Бекітуден бас тарту себептері:

* өтініштегі дұрыс емес деректер;

* басқа елдімекенде тұру;

* емханада тіркелгендер санының шектен асуы;

* баланы тіркеуге қажетті құжаттардың болмауы.

Емхананы науқаннан тыс та ауыстыруға болады: жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерткенде немесе бұрынғы емхана жабылған жағдайда.

#фсмспавлодар