Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен!

Бүгін Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні аясында салтанатты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Ақсу және Екібастұз қалаларының зертханалары, бөлімшелерінің қызметкерлері онлайн-режимде қосылды.

Орталық басшысының орынбасары Б. Қ. Жанахметова ұжымды атаулы күнмен құттықтап, тарих беттерін және қазақстандықтардың тәуелсіздік жолындағы қиын қадамдарын еске салды. Тілек білдірушілер де құттықтау сөз сөйледі, статистика, АИТВ-ның алдын алу және емдеу саласындағы соңғы жылдардағы жетістіктер айтылды. Іс-шараға қатысушыларға еліміздің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы фильм көрсетілді.