Емшек сүті нәрестелер үшін өте қолайлы: ол қауіпсіз, құрамында антиденелер бар және жалпы аурулардан қорғайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы емшек сүтімен емізуді туылғаннан кейінгі бірінші сағат ішінде бастауға және оны кем дегенде екі жылға дейін жалғастыруға кеңес береді.
Емшекпен емізу өмір бойы пайдалы, бірақ бұл жол әрқашан оңай бола бермейді.
Серіктестердің, отбасының, медицина қызметкерлерінің, жұмыс берушілердің және билік органдарының қолдауы аналарға үйде, жұмыста және қоғамдық орындарда емізуге көмектесуде маңызды рөл атқарады.
1-7 тамыз аралығында Павлодар облысында емізетін аналарға қолдау шараларын нығайту қажеттігін атап өтуге арналған Дүниежүзілік емшек емізу апталығы өтуде.
Алайда, АИТВ-инфекциясы сияқты ауру болған жағдайда, АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтың мамандары балаға инфекцияның берілуін болдырмау үшін емшек сүтімен тамақтандыруды ұсынбайды.





