Балалардың денсаулығы – сенімді қолда!
Қыркүйек – оқу жылының басы. Барлық оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды білімге, жаңалықтарға және жетістіктерге толы жаңа кезеңмен құттықтаймыз! 📚
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы барлық оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған-олар үшін мемлекет жарна төлейді. Сондықтан олар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде де барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.
Балалар медициналық қызметтердің кең спектрін тегін ала алады: Мектеп медицинасы мен стоматологиядан бастап стационарлық емдеуге, оңалтуға және тіпті жоғары технологиялық көмекке дейін.
Балалардың денсаулығы сенімді қолда, яғни ата-аналар тыныш бола алады.