Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс

Ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясы туралы айтылды

Май, Баянауыл және Ертіс ауданының ауылдық мектептерінің жоғары сынып оқушылары АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу туралы білді. 

Сегізінші-он бірінші сынып оқушыларына АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша облыстық орталықтың он-лайн режимінде педагогы Қ.Барайсова АИТВ-инфекциясының өзі, берілу жолдары және оның алдын алу шаралары туралы айтып берді.

Маман салауатты өмір салтын ұстануға назар аударды, осы тақырыптағы бейнероликтерді көрсетті және «АИТВ қалай беріледі және қалай берілмейді» викторинасын өткізді.