Медицина қызметкерлерін оқыту аясында Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында өзекті мәселелер бойынша тоқсан сайын оқыту семинары өтті.
Семинар жұмысына өңірдің медициналық ұйымдарында АИТВ-ның алдын алу бойынша жауапты мамандар қатысты.
Кездесу барысында АИТВ-позитивті жүкті әйелдердің қауіпсіз аналығы, АИТВ-ның анадан балаға берілуінің тік жолының алдын алу туралы сұрақтар айтылды, жүкті әйелдер мен олардың жыныстық серіктестерін тексерудің заманауи әдістері қарастырылды, сондай-ақ АИТВ-инфекциясына тексерусіз стационарға шұғыл түскен пациенттерді АИТВ-ға жедел тестілеумен қамтумен байланысты проблемалар талданды. Туындаған мәселелерді шешу жолдары ұсынылды.





