10 және 11 сынып оқушыларына АИТВ жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтылды.
Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының педагогы Қ.Барайсова АИТВ-ның берілу себептеріне, жастар компанияларындағы қауіпті жағдайларға және өз денсаулығына жауапты мінез-құлыққа егжей-тегжейлі тоқталды. Жоғары сынып оқушылары интеллектуалды викториналарға қатысып, тақырыптық бейнероликті талқылап, сұрақтарына жауап алды.





