Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы
Ресми интернет-ресурс
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні-1950 жылдан бері бүкіл әлемде тойланып келе жатқан ең көне халықаралық мерекелердің бірі. Оны өткізу туралы шешімді Халықаралық демократиялық әйелдер Федерациясы 1949 жылы қарашада өткен арнайы сессияда қабылдады. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) бұл бастаманы қолдап, балалардың құқықтарын, өмірі мен денсаулығын қорғауды өз қызметінің басым бағыттарының бірі деп жариялады. 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні бүкіл әлемде өткізіле бастады.

          Бүгінде облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында диспансерлік есепте 22 бала тұр. Олардың барлығы медициналық көмек, дәрі-дәрмек алады және біздің орталықта тегін тексеруден өтеді.

          Біз кішкентай пациенттерімізді атаулы күнімен құттықтаймыз және оларға ауырмауын және денсаулығы мықты болуын тілейміз!